Жамбыл облысында атыс болып, 5 адам жараланды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 15 маусымда болған

Фото: ашық дереккөзден

Сарысу ауданында атыс болып, бес адам жараланды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Сарысу аудандық орталық ауруханасынан Сарысу ауданының полиция бөліміне бытыра оғынан жарақат алған 20, 22 және 24 жастағы 5 тұрғынның жүгінгені туралы хабарлама келіп түскен.

«Аталған дерекке қатысты  ҚР ҚК-нің  24-бабының 3-99-бөлігі 2,1,9 – тармақшалары  (екі және одан да көп адамға қатысты бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды.

Жанжал бұзақылық ниетпен болғаны анықталды, оның барысында күдікті жоғарыда аталған адамдарға мылтықтан бірнеше рет оқ атқан», - деп хабарлады полициядан.

Жедел-іздестіру іс- шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды.