Төтенше жағдайдың себебін анықтау үшін арнайы штаб құрылды
Маусымның 16-сы күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 23:15-те Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орналасқан «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС компрессорлық цехының ауа тоңазытқышында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 23:52-де толықтай сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге ҚазГӨЗ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және облыстық ТЖД 5 өрт сөндіру тобы жұмылдырылды.
«Зауыт қызметкерлерінің, Жаңаөзен қаласы мен жақын маңда орналасқан елдімекендер тұрғындарының өмірі мен денсаулығы үшін қауіп жоқ. Өрттің шығу себептері анықталп жатыр.
ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың басшылығымен жедел штаб жұмыс істеуде. Жедел штаб құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді», – делінген баспасөз хабарламасында.