Қызылорда облысында жаппай төбелес болды
Топтық төбелеске қатысқандардың жеке басы анықталып, қылмыстық іс қозғалды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында әскерден келген екі сарбаздың арасында ерегіс туып, арты жаппай төбелеске ұласты. Бұл туралы Azattyq Rýhy Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция департаментінің мәліметінше, екі жігіттің көзі бір қызға түседі, содан достарын жинап «мықтыны» анықтамақ болыпты. Оның соңы жаппай төбелеске ұласып, жастар бір-біріне тас лақтырған. Бірақ ешкім дәрігердің көмегіне жүгінбеген. Қазір топтық төбелеске қатысқандардың жеке басы анықталып, «бұзақылық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Тас лақтырудың нәтижесінде тұрақта тұрған бір автокөліктің әйнегі сынды. Жақын жердегі дүкенге де зақым келді. Тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен іс қозғалды", - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов.