ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Риддерде бес қабатты үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды

Өрттің шығуына мұздатқыштың авариялық режимі себеп болған

Риддер қаласында өрт сөндірушілер бесқабатты үйде болған өрттен 20 адамды, соның ішінде 5 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы 16 маусымда Риддер қалалық өрт сөндіру бөліміне пәтер өрті туралы хабарлама түседі. Өрт сөндірушілер шұғыл түрде оқиға орнына келді. 5 ықшамауданда орналасқан бесқабатты үйдің 5-қабатындағы пәтер өртенген. Газ бен түтіннен қорғау қызметімен түтін алаңынан 20 тұрғын, соның ішінде 5 бала эвакуацияланды.

Қызыл жалынды үй иесінің анасы көріп, өрт сөндіру қызметін шақырған. Өзі 7 жастағы және 3 айлық екі немересін алып өртеніп бастаған пәтерден шығып үлгерген. Жалпы аумағы 13 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.

Өрттің шығуына мұздатқыштың авариялық режимі себеп болған. Жарақат алғандар жоқ.