15.06.2021, 10:11
Оқиғалар
Өскеменде екі қабатты жатақхананың төбесі опырылып түсті
Адам шығыны жоқ, ешкім зардап шекпеген
скриншот: 24.kz
Өскемен қаласында екі қабатты жатақхананың төбесі опырылып түсті. Облыстық Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, адамдар аман. Оқиға 14 маусымда Тынышпаев көшесіндегі тұрғын үйде болған.
Жатақхана типіндегі баспана 1950 жылы салынған. Ескі үйде баспалдақ тұсындағы төбе құлаған. Мамандардың есебінше, апат орны шамамен 8 шаршы метр. Оқыс оқиғадан соң жатақханада тұрып жатқан 50 адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
Бүгін, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
