$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.06.2021, 11:17
Оқиғалар

Павлодарда ер адам бірге тұрған әйелді соққыға жыққан

Зардап шегушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды

Павлодарда ер адам бірге тұрған әйелді соққыға жыққан
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда 31 жастағы ер адам бірге тұрған әйелді соққыға жыққан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 13 маусым күні полицияға Назарбаев даңғылы, 204 мекенжайы бойынша пәтерде күйеуі әйелін ұрып тастағаны туралы қоңырау түскен.

«Учаскелік инспектор пәтерде бірге тұрған ер мен әйелдің арасында жанжал шығып, ер адам 32 жастағы әйел адамға дене жарақаттарын салған. Әйел өзімен бірге тұрған ер адамға қатысты шара қолдану туралы өтініш жазды»,- деді департаменттегілер.

Зардап шегушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Әйел адам кәмелетке толмаған баласын сараптамадан өткізуден бас тартқан.

31 жастағы ер адамға қатысты ҚРӘҚБК 73-1 бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Сондай-ақ бірге тұрған әйелге 30 күндік қорғау бұйрығы шығарылды.

«Қорғау бұйрығы бойынша зардап шегушіге телефон шалуға, келуге, ізінен аңдуға, қауіп төндіруге тыйым салынады»,- деді департаменттен.

Серіктес жаңалықтары