Маңғыстау тұрғындары Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарын құлдықта ұстаған

Автор: Azattyq Rýhy

Олар негізінен құрылыс жұмыстарына немесе үй шаруашылығына тартылған

Фото ашық дереккөзден

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында құлдықта болған 8 адам құтқарылды дп хабарлайды Lada.kz. Олар Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары.

Өңірде құлдыққа түсіп қалатын адамдардың көбі осы екі елден келетін гастарбайтерлер екен. Оларды негізінен құрылыс жұмыстарына немесе үй шаруашылығына жұмысқа салады.

Еске салайық, 9 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Қоғам белсенділерінің пікірінше, осы құжат күшіне енгеннен кейін елімізде адам саудасы мәселесінде оң өзгерістер болуы тиіс.