ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Алматының орталығында ірі жол көлік оқиғасы болды

Жеңіл автокөлік автобусқа соқтығысқан

Алматының орталық көшелерінің бірінде жолаушылар автобусының қатысуымен жол көлік оқиғасы болды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарауда.

Zakon.kz порталының жазуынша, Kia K5 автокөлігі Абай көшесімен батыс бағытта жүріп келе жатып, Розыбакиев көшесінің қиылысында жолаушыны қағып кеткен. Мұнан кейін жеңіл көлік жүргізушісі тоқтамастан ары қарай кетіп, №77 бағыттағы автобусқа барып соқтығысқан. Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан автобус соққының инерциясымен жолдың жиегіне шығып кетіп, ағаштарға соғысып барып тоқтады.

Оқиға салдарынан жеті адам жарақат алды. Жедел жәрдем Kia жүргізушісі мен ол қағып кеткен жолаушыны, автобус жүргізушісін және екі жолаушысын ауруханаға алып кетті.