Павлодарда қайық аударылып, ер адам суға батып кете жаздады

Автор: Azattyq Rýhy

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды

1987 жылы туған тұрғын медициналық көмектен бас тартты, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 маусымда сағат 17.40 минутта Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне ер адамды өзенде құтқару туралы хабарлама келіп түскен.

«Майра көшесі 4, № 7 құтқару бөлімшесіндегі құтқарушылар Усолка өзенінің су қоймасында резеңке қайықтың аударылғанын көрді. Адам суда болған. Екі құтқарушы Евгений Щербенко мен Владимир Сахаров қайықпен шығып, ер адамды судан қызметтік қайыққа шығарып алып, құтқару станциясына жеткізді», - дейді департаментте.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.