Оған тиесілі болған жеке құжаттары да қалтасында болған
Алматы қаласы Түрксіб ауданында теміржол жанынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, локомотив машинисі мәйіттен шыққан жағымсыз иіске шағымданған.
«Оқиға орнына келген полицейлер биік қоршаумен қоршалған иесіз аумақтағы бұталар арасынан ер адамның мәйітін тапты. Оған тиесілі болған жеке құжаттары да табылды. Ер адам 49 жаста болған», - делінген ПД хабарламасында.
Сараптама қорытындысына сәйкес, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Сот-медициналық сараптама өткізу үшін ер адамның денесі қалалық мәйітханаға жеткізілді.