Жас жігіт өзі қолданып жүрген марихуананы қалтасына салып қойғанын ұмытып кетіпті
Ақтөбе тұрғыны полиция ғимаратына есірткімен келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жергілікті полиция қызметінің әкімшілік практика бөліміне Ақтөбе қаласының тұрғыны әкімшілік материалдар бойынша келген екен. Ер адам бірер күн бұрын жол жүру ережесін бұзғандықтан, полиция қызметкерлері оның автокөлігін айыптұраққа қойған.
Тексеру барысында ер адамның қалтасынан марихуанаға ұқсас өсімдік үгітіндісі салынған газет орамы шыққан.
«Жас жігіт өзі қолдану үшін сақтап жүрген марихуананы қалтасына салып қойғанын ұмытып кеткенін айтты», – деді полиция қызметкерлері.