15.12.2019, 12:48
Оқиғалар
13 жастағы бала адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды
Күдікті Барнард колледжінің 1 курс студентіне бірнеше рет пышақ сұғып өлтірген
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында адам өлтіру фактісі бойынша 13 жастағы бала қамауға алынды.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, күдікті Барнард колледжінің бірінші курс студентіне бірнеше рет пышақ сұғып өлтірген.
Қанды оқиға жергілікті саябақта кешкі уақытта болған. Пышақпен қаруланған 3 қаскөй студентке шабуыл жасап, тонамақ болған. Ауыр жарақат алған марқұм ауруханада көз жұмды.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қолға түскен күдікті өзіне тағылған айыпты мойындады. Екінші күдікті тергеліп жатыр. Ал үшіншісі іздеуде жүр.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады