$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.06.2021, 21:24
Оқиғалар

Солтүстік Қазақстан облысында 8 жастағы қыз суға батып кетті

Ауылдан 500 метр жерден қыздың киімдері табылды

Солтүстік Қазақстан облысында 8 жастағы қыз суға батып кетті
Фото: alau.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Покровка ауылында 8 жасар қыз бала жоғалып кетті. Алдын ала болжам бойынша қыз бала Есіл өзеніне батып кетуі мүмкін деп хабарлайды Azattyq Rýhy 7152.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

8 жастағы қыз кешке үйге оралмаған соң, әжесі өзі іздей бастайды. Қыз бала ауылға жазғы демалысқа келіпті.

«Немересінің жоғалғанын қария учаскелік инспекторға хабарлаған. Өз кезегінде тәртіп сақшысы еріктілер мен құтқарушыларды қосып, баланы іздеуге шығады. Іздеу нәтижесінде Есіл өзені жағасында, ауылдан шамамен 500 метр жерде қыздың киімдері табылды. Күндіз қыз бала өзімен жасты немере інісімен ойнапты. Үйге оралған бала ата-анасына әпкесінің қайда екенін түсіндіріп айта алмаған. Кейін бала бірге өзенде шомылғандарын, қызды ағыс алып кеткенін айтты», - дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Еслямбековтың айтуынша, іздеу жұмыстары түнде де жүргізілген. Қазір өзенде сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары