Куәгерлердің айтуынша, марқұм кеудесіне тиген соққыдан соң құлап қалған
23 жастағы ақтаулық жігіт қоян-қолтық күрестен жаттығу кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілиеме жасап.
Қайғылы жағдай 11 желтоқсан күні болған.
«11 желтоқсан күні кешкі 20.56 шамасында жедел жәрдем қызметіне шақырту келді. Дереу бригада жіберілді. Алайда, спортшы дәрігерлер жеткенше көз жұмған. Сол жерде болғандардың айтуынша, марқұм кеудесіне тиген соққыдан соң құлап қалған», – делінген хабарламада.
Ал облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бабы бойынша іс қозғалған. Барлық қажетті сараптама тағайындалды.