Жалған купюра берген адамға халықаралық іздеу жарияланды
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Шымкент қаласындағы бір банк қызметкерлерінің құны 500 еуро жалған ақша өткізгенін анықтады.
Банктің 5 қызметкері алдын ала сөз байласу арқылы клиенттерге жалпы сомасы 4 000 еуро жалған қағаз ақшаны өткізген.
Тергеу барысында 2020 жылы банк қызметкерлерінің бірі жалған 6 000 еуроны 25%-ы мөлшеріндегі ақшалай сыйақы үшін теңгеге айырбастағаны анықталды.
Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен кінәлілер 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Банк қызметкерлеріне жалған купюра берген адамға халықаралық іздеу жарияланды.