72 жастағы жәбірленуші келтірілген шығын сомасын 200 000 теңгеге бағалады
Степногорск қаласының 72 жастағы тұрғынына тиесілі автокөліктің төбесінде мас адам би билеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицейлер қаскүнемді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықтады. Ол 27 жастағы, бұрын ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотталған Степногорск қаласының тұрғыны болып шықты.
«Оның «Газ-3110» маркалы автокөлігіне келтірілген шығын сомасын 72 жастағы жәбірленуші 200 000 теңгеге бағалады. Криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері қаскүнемнің сол кеште көптеген «көрермені» болғанын анықтады, олар кейінірек куә ретінде жауап берді», - делінген Ақмола облыстық ПД баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу бөлімі 293-баптың 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды.