Шымкентте «дәрігер зорлады» деген медбике ісі бойынша апелляциялық сот басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ал 2 ай бұрын бұл іс бойынша сот нефролог-дәрігерді жазықсыз деп тапқан еді

Шымкентте «дәрігер зорлады» деген мейірбикенің ісіне қатысты апелляциялық сот басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Ал 2 ай бұрын бұл іс бойынша әл-Фараби аудандық соты үкім кесіп, онда айыпталушы атанып келген нефролог-дәрігерді жазықсыз деп тапқан еді. Одан бөлек, тергеушінің процессуалдық заңды бұзғаны да анықталып, аудандық соттың судьясы енді қызметтік тексеріс жүргізілетінін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, жергілікті емханалардың бірінде медбике болып қызмет ететін келіншек өзінің әріптесі зорлады деп сотқа шағымданған болатын. Жәбірленушінің сөзінше, зорлау оқиғасы 16 сәуірде жұмыс орнында болған.