Отты сөндіруге 500-ге жуық адам жұмылдырылды
Павлодар облысы Баянауыл ұлттық паркінде орман өртеніп жатыр деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда өрт шарпыған 5 ауылдық округтің үшеуінде жалын сөндірілген. Екеуінде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Әкімдік мәліметінше, ұлттық парктің таулы аймақтарында да өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.
«Орманның өртенуіне күннің аптап ыстығы мен күшті жел себеп болды. Кешелі бері өртті сөндіруге 120 дана техника мен жеке құрамның 500-ге жуық қызметкері, ұлттық парктің жұмысшылары және еріктілер қатысуда», - дейді ТЖ аймақтық департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов.
Айта кетейік, Баянауылдағы өрт 22 қыркүйекте басталған. Облыс әкімі Болат Бақауов отты сөндіру бойынша арнайы штаб құрды.