Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді
Жол-көлік оқиғасы Беркімбаев көшесіндегі 130-шы үйге қарама-қарсы аумақта орын алды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 3 маусым күні сағат 21.00-де «Лада Гранта» автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолды кесіп өткен», - деді облыстық Полиция департаментінің жергілікті полиция бастығы Ғалым Сарғұлов.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.