Алматыда самокат теуіп жүрген қыз баланы жүк көлігі қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жеткіншек алған жарақаты салдарынан көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласында жүк көлігі қағып кеткен қыз бала алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 маусым күні Алатау ауданының Ақсу көшесінде болған. Самокат теуіп жүрген қыз баланы жүк көлігі басып кеткен.

«Аталған факт сот алды тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлімі (Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік ережелерін бұзу) бойынша тіркелді. Алматы қаласы Полиция департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері оқиғаны тергеуге кірісті», - делінген қалалық ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.