$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2021, 15:50
Оқиғалар

Петропавл тұрғыны алаяқтарға алданып, 8 миллион теңгесінен айырылды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде

Петропавл тұрғыны алаяқтарға алданып, 8 миллион теңгесінен айырылды

Петропавл тұрғыны алаяқтарға алданып, 8 миллион теңгеден астам ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлері “банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз” деген алаяқтардың құйтырқы әрекеттеріне сенбеуді сұрайды. 

Интернет алаяқтар Петропавлдың 44 жастағы тұрғынына сегіз миллион теңгеден астам шығын келтірген. Әйел “банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз” деген алаяқтардың сөзіне сеніп қалған. Бейтаныс азамат оған "шотыңызда күдікті әрекеттер жүргізіліп жатыр" деп хабарлаған. Ақшаны сақтап қалу үшін оны “қосалқы шотқа” аудару қажет деген. Әйел қылмыскерлердің нұсқауын орындап, барлық жиған-тергенінен айырылып қалған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-б. (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полицейлер қала тұрғындарынан қаскөйлердің жалған сөздеріне сенбеуді сұрайды.

"Өзіңіздің банк активіңізге біреудің қол сұғуына жағдай жасамаса ңыз, яғни құпия мәліметтеріңізбен бөліспесеңіз, онда қылмыскерлердің дәрменсіз екендігін естен шығармаған жөн. Қауіп туралы жақындарыңыз бен туыстарыңызды ескертіңіздер, алаяқтарға сенбеңіздер. Күмәнді жағдайларда өз шоттарыңыз жайлы нақты ақпарат алу үшін банкке жүгініңіз",- дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. 

Серіктес жаңалықтары