$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2021, 11:44
Оқиғалар

Павлодарда браконьерлерге 900 мың теңгеге айыппұл салынды

Өңірде табиғатты қорғау мақсатында өткен акциялар қортындыланды

Павлодарда браконьерлерге 900 мың теңгеге айыппұл салынды

Павлодарда браконьерлерге 900 мың теңгеге айыппұл салынды. Заң бұзушылардан 53 браконьерлік құрал, оның ішінде 6 қайық, 45 аулау құралы мен екі қайық моторы және 327 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы «Уылдырық шашу - 2021» және «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акцияларының қорытындылары туралы» атты баспасөз конференциясында мәлім болды. 

«Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысының орынбасары Нұржан Қазтайдың айтуынша, Павлодар облысының аумағында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы 2021 жылдың 24 сәуірі мен 31 мамыры аралығында өтті. Акция барысында балық аулауға тыйым салынды. 

«Жыл басынан бері өткізілген рейдтік шаралардың нәтижесінде су айдындарында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 48 дерегі тіркелген. Оның ішінде 33 дерек уылдырық шашу кезеңінде анықталды. 48 әкімшілік хаттама толтырылып, 900 мың теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды. Заң бұзушылардан 53 браконьерлік құрал: 6 қайық, 45 аулау құралы мен екі қайық моторы және 327 келі балық тәркіленді», – деді Нұржан Қазтай.

Спикердің айтуынша, акцияға жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың  мамандары қатысты. Сонымен қатар, өзен аумағынан 7,5 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар, тұрмыстық қоқыстар мен 3 қараусыз қалған тор шығарылды.  

Бұл акция жануарлар әлемін пайдаланушылар есебінен өткізіледі.

Серіктес жаңалықтары