Өртті сөндіруге 4 адам 1 техникамен жетті
Батыс Қазақстан облысында «КамАЗ» көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 13 желтоқсан күні Теректі ауданы аумағында болды. Подстепный-Федоров-РФ шекарасы жолының Долинный ауылы тұсында сағат 11.30-да «КамАЗ» (самосвал) автокөлігі жанды. Өртті сөндіруге 4 адам 1 техникамен жетті. «Тілсіз жау» сағат 12.45-те сөндірілді.
Айта кетейік, облыста жыл басынан бері автокөлікте 98 өрт тіркелді. Соның 71-і – жеңіл көлік, 15-і – жүк көлігі, біреуі – автобус, үшеуі – құрылыс техникасы, 8-і – ауыл шаруашылығы машиналары.