13.12.2019, 23:59
Оқиғалар
Алматыда қандала дәрісінен уланған ер адам көз жұмды
Ол жансақтау бөліміне 1 желтоқсан күні түскен еді
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда қандала улаймын деп анасымен бірге жансақтау бөліміне түскен 32 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
«Ер адам 12 желтоқсанда кешкі уақытта көз жұмды, жүрегі тоқтап қалды. Осы уақытқа дейін қалалық жедел жәрдем ауруханасында жансақтау бөлімінде жатты. Есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер барлық шараны қолданды, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Еске салайық, анасы мен ұлы аурухананың жансақтау бөліміне 1 желтоқсан күні түсті. Оларға жәндіктерді өлтіретін құралдан улану диагнозы қойылған болатын.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды