Алты автокөлік зақымданды
Шымкентте қатты жел тұрып, бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Төтенше жағдай салдарынан бес жасар бала зардап шекті, деп хабарлады Otyrar.kz.
1 маусымда Шымкентте желдің жылдамдығы секундына 26 метрге жетіп, салдарынан үш коммерциялық нысанның, бес көп қабатты тұрғын үйдің, екі білім беру нысанының шатыры ұшып, автокөліктер мен ғимараттардың үстіне құлады. Нәтижесінде алты автокөлік зақымданды, сондай-ақ 5 жасар бала зардап шекті.
Нұрсәт ықшам ауданындағы Сайрам, Қызыл су, Өтеміс, Шапырашты және Исфиджаб тұрғын алаптарының тұрғындары жарықсыз қалды.
Осы жағдайға байланысты Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды.