Түркістандық келіншек 1 жасар баласын сатып жатқанда қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Сәбиді ол 7 млн теңгеге бағалаған

Түркістан тұрғыны бауыр еті баласын саудаға салған. 27 жастағы келіншек 1 жастағы сәбиін 7 млн теңгеге сатып жатқан жерінде ұсталды деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Қылмысты түркістандық прокурорлар кезекті мониторинг жұмыстары кезінде анықтаған.

Баласын саудалап, олжа таппақ болған күдіктінің қылмысы дәлелденсе, тас бауыр ана тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда ҚР ҚК 135-бабы 2-бөлігінің 12-ші тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.