01.06.2021, 18:02
Оқиғалар
Ақмола облысында ұлына пышақ салған тұрғынға қатысты тергеу басталды
Оқиға Приречное ауылында өткен жексенбіде болған
көрнекі сурет
30 мамырда Целиноград ауданының полиция бөліміне Приречное ауылының 63 жастағы тұрғынынан жұбайы ұлына пышақ жарақатын салғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ішімдік ішкен 64 жастағы ер адамның жанжал кезінде 30 жастағы ұлының сол жақ қолтық тұсына пышақ салғанын анықтады.
Жас жігіт ауруханаға жатқызылған. Ер адам өз ісін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.
Бұл оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды