Ақмола облысында мотоциклші жол-көлік оқиғасынан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы Көкшетау-2 станциясының маңында болған 

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында мотоциклші жол-көлік оқиғасынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Осы жылдың 31 мамырында 41 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, Көкшетау-2 станциясының маңында «Көкшетау-Омбы» автожолының 11 шақырымында «Reiser» маркалы мотоцикл жүргізушісі рульді басқара алмай, қисық сызықты брусқа соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан мотоциклші облыстық ауруханаға жатқызылып, жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Полиция қызметкерлері мотоциклистерге арнайы қорғаныс құралдарын қолдану, өте мұқият болу, белгіленген жылдамдық режимін, жол жүру кезектілігін сақтау, жолда күрт маневр жасаудан аулақ болу қажеттілігі туралы ескертеді.