БҚО-да ауыр жүк көлігі түйені қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Бейнеу-Боранқұл тас жолында болған

БҚО-да ауыр жүк көлігі түйені қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

29 мамыр күні “Бейнеу-Боранқұл” тас жолында ауыр жүк көлігі түйені қағып кетті. Апат салдарынан көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ, тек көліктің алдыңғы әйнегі сынған.             

Соңғы уақытта республикамыздың кейбір өңірлерінде үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері “Жолда жүру ақылы болуы мүмкін” деген пікірге қатысты өз наразылықтарын білдіруде. Бұл мәселе бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері сөз сөйлеп, осы істің мәнісін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.   

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдауда. Кінәлілер ұсталғаннан кейін оларға қатысты процессуалдық шешімдер қабылданатын болады", – деп қорытындылады БҚО ПД баспасөз қызметі.