01.06.2021, 10:06
Оқиғалар
«Мемлекеттен 120 млн теңге алып беремін»: Шымкент тұрғынын 7 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
Тексеру жұмыстары жүргізілуде
Фото: ашық дереккөзден
Шымкент тұрғынын 7 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 26 мамырында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық ПБ-ның «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам мемлекеттен 120 млн теңге агросубцидия алып беремін деп, сеніміне кіріп, 7 204 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып, осы уақытқа дейін қайтармай қашып жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті адамды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды