Теміртауда 2 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ жойылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық іс сотқа жолданды, топтың ұйымдастырушысы және сыбайластарының бірі қамауға алынды

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мүшелері 3 жыл ішінде 2 млрд теңгеге жуық соманы қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топтың жолын кесті. Алты адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ Теміртау қаласында жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру арқылы адал емес салық төлеушілерге салық төлеуден жалтаруға көмектесу мақсатымен қызмет еткен.

Осы мақсатта заңсыз қызметке ҰҚТ бақылауындағы 8 жалған фирма тартылған.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде шамамен 200 млн теңге көлемінде залал келтірілді.

Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды, топтың ұйымдастырушысы және сыбайластарының бірі қамауға алынды.