$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.05.2021, 11:02
Оқиғалар

Өскеменде әскери бөлім қызметкері өзіне оқ атып, қайтыс болды

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу тағайындалды

Өскеменде әскери бөлім қызметкері өзіне оқ атып, қайтыс болды
көрнекі фото

Шығыс Қазақстан облысында 3477 әскери бөлімінің қызметкері өзіне оқ атып, қайтыс болды. Бұл ақпаратты ҚР Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады.

«29 мамырда 3477 әскери бөлімінің әскери қызметі қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов бекетте отырып, өзіне бекітілген қарудан басына оқ атқан. Нәтижесінде ол қайтыс болды», - деді баспасөз қызметі.

3477 әскери бөлімі Өскемен қаласында орналасқан. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу тағайындалған.

Еске сала кетейік, 21 мамырда Отардағы әскери бөлімде сарбаз 4-қабаттан секіріп қайтыс болғаны айтылды. Туыстарының қалауы бойынша өлімнің мән-жайы жария етілген жоқ. 

Серіктес жаңалықтары