Ақтауда спортшы жігіт жаттығу кезінде қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жігіт қоян-қолтық күреспен айналысқан

Фото: ашық дереккөзден

Қайғылы оқыс оқиға 11 желтоқсанда әскерилердің қоян-қолтық ұрыс жаттығулары кезінде болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Лада сайтына сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 1996 жылғы жас жігіттің жаттығу кезінде қайтыс болғанын растады.

«Бұл факт Ақтау полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 001-бабы бойынша, яғни «Кісі өлімі» бойынша тіркелді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.