13.12.2019, 17:07
Оқиғалар
Кәсіпкерлерді қорқытып, ірі көлемде ақша алған өскемендік прокуратура қызметкерлері ұсталды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, кәсіпкерлерді қорқытып, олардан аса ірі көлемде ақша алған прокуратура өкілдерін ұстады
фото: Батыржан Беспаев
«Атап айтқанда, 2019 жылдың 10 желтоқсанында Өскемен қаласында (ШҚО) кәсіпкерден қорқытып алынатын 50 млн. теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты алу кезінде ҚР Бас көлік прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Құтанов Әлжаппар Мағауияұлы және ШҚО прокуратурасы Қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Рамазанов Айдос Асұланұлы қылмыс үстінде ұсталды», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Ұсталғандар азаматтарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-б. 2-т. («Қорқытып алушылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды