Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр
Атырауда 19 жастағы қыз сегізінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ATPress.kz басылымына сілтеме жасап.
Оқиға «Алмагүл» ықшамауданындағы 18-үйде болған. Атырау облыстық полиция департаментінің дерегінше, 2002 жылы туған қыз оқиға орнында қайтыс болды.
Мұндай деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.