ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Түркістан облысында жоғалып кеткен студенттердің бірі - Наурызбайдың анасы пікір білдірді

Түркістан облысында 7 студент 21 мамырда тауға аттанып, қайта оралмаған

Курстастар: оралдық Диас Төлегенов (сол жақта) пен Нұрдәулет Наурызбай

Түркістан облысында жоғалып кеткендердің бірі - Назарбаев Университетінің жоғалып студенті Наурызбай Нұрдәулеттің туыстары «Ақ Жайық» редакциясына хабарласқан. Олардың айтуынша, жақында 3-курсты бітірген 22 жастағы Наурызбай елордадан Атыраудағы үйіне келген. Ал 19 мамырда группаластарымен бірге Шымкентке, әрі қарай төрт күнге Түркістан облысының тауларына бармақ болған. Ол жақтан 24 мамырда кері келуді жоспарлаған. Бірақ әлі күнге дейін хабар-ошар жоқ.

Баласы үшін алаңдаған Наурызбайдың анасы полицияға жоғалғаны туралы әлі арыз бермегенін айтады. Өйткені 26 мамырда кешке, бұл туралы Түркістан облысындағы жоғалған балалардың бірінің ағасы хабарлағанда білген.

«Олар Мыңжылқы шатқалына бармақ болған. Тәжірибелі альпинистер жігіттер таңдаған маршрутты бастапқыда жоспарлағандай 4 күн емес, 6-7 күн бағалайды дейді. Олар табылады деп үміттенемін. WhatsApp-та топ құрылды, онда балалардың ата-аналары мен университет әкімшілігі, сонымен қатар ТЖМ өкілі іздеу барысы туралы бізге хабарлайды. Әзірге нәтиже жоқ. «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағымен шығу ауа-райының нашарлауына байланысты мүмкін емес (тұман, найзағай туралы ескерту, нашар көрінуі). Бірақ мүмкіндік болған бойда шығуға уәде беріп отыр. Ұлдарымыз үшін дұға етеміз...», - дейді Наурызбайдың анасы.

Жалпы, Түркістан облысында тауға аттанған 7 адам жоғалып кетті: Назарбаев Университетінің студенттері - А.Тоқтасын, А.Хайруллин, Н.Наурызбай, С.Өскенов, Б.Төлеуов және Д.Төлегенов, сондай-ақ Кентау «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 17 жастағы түлегі Қ.Тоқтасын.

Түркістан облысының құтқарушылары Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған 7 адамды іздестіріп жатыр. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алып, содан бері қайта оралмаған. Жалпы, олар 24 мамырда үйіне оралуы керек болған.

Қазір облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жоғалған жетеуді іздестіріп жатыр. Іздестіру жұмыстары үшін арнайы үш топ құрылып, оның құрамына 25 ТЖД қызметкері мен жоғалған азаматтардың туыстары кірді.