$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2021, 13:36
Оқиғалар

Оралда өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды

Сотталушының қылмысы арнайы сараптамамен дәлелденді

Оралда өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Оралда өгей қызын зорлады деп айып тағылған 33 жастағы ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.  

Жасөспірімге қатысты іс болғаннан кейін сот жабық режимде өтті. Сотталушының қылмысы куәгерлердің сөзімен және арнайы сараптамамен дәлелденген. Оған Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша айып тағылған еді. Бұл баптар бойынша 20 жыл ауыр жаза саналады. Жәбірленуші тарап та сот үкімімен толық келісті. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

"Аймағамбетовке түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған қылмыстық-атқару жүйесінің ең жоғары қауіпсіз мекемесінде өтеу жазасы белгіленді. Аймағамбетовке педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты қызметтермен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды", - деді облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов​. 

Серіктес жаңалықтары