$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2021, 14:23
Оқиғалар

Қарағанды ​​облысында 4 жасар қыз темір қоршауға басымен қысылып қалды

Оқиға Приозерск қаласындағы аулалардың бірінде болған

Приозерск қаласында аулада ойнап жүрген төрт жасар қыз темір қоршауға басын сұғып, қайта шығара алмай қалған. Оған көмектесуге құтқарушылар келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Құтқару сәтінің видеосын Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли жариялады.

Қыздың жанында болғандар оған көмектесе алмаған. Сондықтан құтқарушыларды шақыруға тура келген. 

"Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаменті №15 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары гидравликалық құралдың көмегімен темір шыбықты кесіп, баланы құтқарды. Құтқару жұмыстары кезінде мамандар қызбен сөйлесіп тұрды. Қыз зардап шеккен жоқ, аман-есен ата-анасына тапсырылды", - деп хабарлады Талғат Уәли.    

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауға және төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауға қатаң кеңес береді:

  • қараңғы жерлерде ойнауға болмайды;
  • үйінділерде және бос қалған жерлерде ойнауға болмайды;
  • теміржолдар мен автомобиль жолдарынан аулақ жүру керек;
  • қираған ғимараттарда және осыған ұқсас жерлерде ойнауға болмайды;
  • электр және газ құрылғыларын қосулы қалдырмаңыз;
  • сіріңкемен және отпен ойнауға болмайды;
  • бейтаныс жерлерде шомылуға және сүңгуге болмайды.  
Серіктес жаңалықтары