Павлодар облысында полицей табельдік қарудан өзіне оқ атқан

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға прокуратура ғимаратында болған

көрнекі фото

24 мамырда мессенджерлерде Железин ауданының аға тергеушісі өзінің табельдік қаруынан өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған деген ақпарат пайда болды.

Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 мамырда сағат 18:10-да Железин ауылындағы прокуратура ғимаратында аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі оң иығына оқ атқан.

«Қызметкер ауруханаға жатқызылып, операция жасалды. Бүгінгі күні жағдайы тұрақты, өмірлік маңызды мүшелері мен сүйектері зақымдалмаған, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.