Шымкентте 300 адамға той жасағандар анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін тиісті басқармаға жолданды

Шымкентте 300 адамға той жасағандар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

2021 жылдың 22 мамырында сағат 16:00-де аудан аумағында орналасқан “Париж”  тойханасы карантиндік шектеулерді бұзып, “Үйлену тойын” өткізіп жатқанын анықтады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына бағынбаған ұйымдастырушы тойға 300 адамнан аса қонақ шақырған. 

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған тойхана әкімшісі түсініктеме жазудан бас тартқандықтан, акт түзілді. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.