Атырау облысында жүріп бара жатқан көліктен секірген әйел мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қатты түтіндеген көліктің жүргізушісі әйеліне секіру керек екенін айтқан

Фото: pixabay.com

Атырау – Индер тасжолында қайғылы жол-көлік апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 мамырда сағат 18:30 шамасында болған.

«Газель» көлігінің жүргізушісі әйелімен бірге кетіп бара жатқанда, көлік қатты түтіндей бастаған. Ер адам әйеліне қауіпсіз болуы үшін жүріп келе жатқан көліктен секіру керек екенін айтқан. 52 жастағы әйел секіріп түскен сәтте көлік астына түсіп, мерт болған», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.