24.05.2021, 15:49
Оқиғалар
Елордада ер адам көрші баланы белбеумен сабаған
Кәмелетке толмаған балаға қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны көршісінің баласын жазаламақ болып, оны белбеумен сабаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.
Оқиға 20 мамыр Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында болған. Полицияға қоңырау шалған әйел кәмелетке толмаған ұлын ер адам соққыға жықты деп шағымданды.
"Бұл факті бойынша 33 жастағы қала тұрғыны табылды, ол балалар бірнеше рет домофонға қоңырау шалғаннан кейін ызаланғанын айтты. Оқиғаға қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп атап өтті полиция департаменті.
Кәмелетке толмаған балаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша кінәлі адамды жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданады.
Көп оқылған
08.09.2026, 12:48
«Өзіме де қызық»: Жұлдыз Сүлейменова «қыркүйек» пен «қыргүйекке» қатысты ойын айтты
08.09.2026, 17:29
БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
08.09.2026, 15:48
Қазақстандық танымал блогер Трамптың ұлымен бірге тауға шығамын деп адасып кетті (ВИДЕО)
08.09.2026, 19:30
БҚО тұрғыны талма ауруына байланысты жүргізуші куәлігінен айырылды