Қайғылы оқиға 22 мамыр күні сағат 20.00 шамасында болған
Оралда кондиционер орнатып жатқан ер адам 9-қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 22 мамыр күні сағат 20.00 шамасында болған. БҚО Полиция департаментінің дерегінше, 1991 жылы туған жігіт Д.Қонаев шағынауданындағы 56-үйдің терезесінен құлап кеткен.
«Алдын ала болжам бойынша 29 жастағы жігіт досымен бірге кондиционер орнатып жатқан кезде кенеттен аяғы тайып, 9-қабаттан құлап кеткен. Ер адам жедел жәрдем жеткенше, оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі таңда жедел тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Марқұм кондиционер орнатумен айналысатын жалдамалы жұмысшы болып жүрген.