ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Өскеменде колонияның қоршауынан телефон лақтырмақ болған жігіт ұсталды

Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары басталды

Өскеменде 18 жастағы жігіт колонияның қоршауынан телефон лақтырмақ болды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жедел және тәртіп бөлімінің қызметкерлері колония аумағын күзету кезінде бір жігіттің қолындағы затты жан-жағына қарайлап, лақтыруға дайындалып жатқанын байқаған. Жедел әрекет ету барысында 18 жастағы азаматты ұстап, оралған затты тәркіледі. Азамат қолындағы затты өзі танымайтын белгісіз сотталғанға колония қоршауынан лақтырып жіберуін өтінгені туралы түсіндірген. 

"18 жастағы жігіттің айтуынша, оралған заттың кімге арналғанын білмейді. Өзінен танысы көмек сұрағандықтан, көмектеспек болғанын айтты. Сондай-ақ, бұл әрекеті үшін ол жауапқа тартылуы мүмкін екенін де білмеген. Жеке тексеру кезінде ұсталған азаматтан скотчпен оралған түйіншек тәркіленіп, ішінен ұялы телефон табылды. Күдіктінің жеке басын анықтау барысында оның Өскемен қаласының тұрғыны екені анықталды", –деді мекеме бастығының орынбасары Бақытжан Ниязбеков. 

Аталған факті тіркеліп, ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша құжаттар жиналуда.