$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.12.2019, 18:58
Оқиғалар

Пойызда күйіп қалған балаға көмек көрсетпеген қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оқиға «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы пойызда болған

Пойызда күйіп қалған балаға көмек көрсетпеген қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: яндекс

Темір жол қызметкерлеріне қатысты істің қозғалуына А.Р. Ташмұхамедованың арызы себеп болған. Ол осы жылдың 3 маусымында кәмелетке толмаған балаларымен №377-378 «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы пойызда жолаушы болған. «Бейнеу» станциясына жетпейтін тұста пойыз орнынан шұғыл қозғалып, нәтижесінде стақандағы ыстық су баланың үстіне төгіліп, денесінің түрлі бөліктері күйіп қалған.

«Оның вокзал мен пойыз қызметкерлері тарапынан қажетті көмектің көрсетпегені жайлы құзыретті органдарға жазған арызы назарсыз қалып, Бас көлік прокуратурасына жүгінгеннен кейін ғана (14.11.2019 ж. ҚР ҚК 344 бабының 1 бөлігі бойынша – авт.) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары зерделеніп, полицияға істің барлық мән-жайларын жан-жақты және объективті тексеру үшін жазбаша нұсқаулар берілді. Қылмыстық істің тергеу барысы бақылауда», - делінген Бас көлік прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары