Екібастұзда бағаннан құлаған электриктің жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

25 жастағы электромонтер жұмыс істеп  жатқан кезде бағаннан құлап кеткен болатын

Фото: pavlodarnews.kz

Ер адамнан көптеген сынықтар мен жарақаттық шок анықталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Екібастұзда 25 жастағы электромонтер жұмыс істеп  жатқан кезде бағаннан құлап кеткені хабарланған болатын.

«Жәбірленушіге алдын ала келесідей диагноз қойылды: политравма, үшінші дәрежелі травматикалық шок, мидың үшінші ауырлықтағы контузиясы, сүйек сынықтарының жылжуымен оң білек радиусының жабық сынуы», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.

Дәрігерлер ер адамның жағдайын өте ауыр деп бағалайды.