Алматыда автобус қағып өлтірген жаяу жүргіншіге қатысты мәліметтер пайда болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаға қатысты алдын ала тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда Жетісу ауданында жаяу жүргіншіні автобус қағып, мерт болды. Оқиға орнында қайтыс болған 46 жастағы әйелді жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен өтіп бара жатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жол апаты туралы ақпарат пен видео әлеуметтік желіде тарады. «БаТу Транс» тасымалдаушы компанияның мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан жол апаты 19 мамыр күні таңғы сағат 6:20-да болды.

«Автопаркке қарасты 208 автобустың жүргізушісі Жангелдин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Пестковский көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 1975 жылы туған әйелді қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады «БаТу Транс» ЖШС.

Алматы қаласы полиция департаментінің Жол полициясы басқармасының басшысы алдын ала тергеу басталғанын хабарлады. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деді басқарма басшысы О. Шәріпов.