19.05.2021, 10:09
Оқиғалар
Павлодар облысында ер адамды тоқ соғып қайтыс болды
Қайғылы жағдай Железин ауданында болған
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында ер адамды тоқ соғып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 18 мамыр күні полицияға сағат 09.50 шамасында Веселая Роща ауылынан үш шақырым жерде теміржол бойында ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Электрик-контакт болып жұмыс істейтін 1987 жылы туған адамның жоғары кернеулі желіде жұмыс істеп жатқан кезінде электр тоғына түскені анықталды. Оқиға куәгерлері бар», - дейді баспасөз қызметінде.
Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды