$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.05.2021, 23:51
Оқиғалар

БҚО-да екі адам суға батып мерт болды

ТЖД өкілдері тұрғындарды суға түсу ережелерін қатаң сақтауға шақырады

БҚО-да екі адам суға батып мерт болды

Батыс Қазақстан облысында екі адам суға батып мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиғаның бірі 17 мамыр күні кешке Тасқала ауданы Тасқала ауылында болған.

«Сағат 19.40-та 1973 жылғы ер адам мас күйінде балық аулау кезінде Деркөл өзеніне батып кетті. Марқұмның денесі ТЖ департаменті күшімен (2 қызметкер, 1 техника) сағат 21.56-да судан шығарылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ тағы бір оқиға Орал қаласында болды.

«Сағат 21.17-де қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағындағы Шаған өзенінде катамаранмен жүзіп жүрген демалушыдан жағажайда өлі адамның денесін жатқаны жөнінде хабар түскен. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері аталған жерден 50 жас шамасындағы ер адамның денесін алып шықты», - делінген хабарламада.

Соңғы күндері өңірде күн қатты ысып кеткендіктен, аймақтық ТЖД өкілдері тұрғындарды суға түсу ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

Серіктес жаңалықтары