Теміртауда тұрғын 200 радиатор секциясын ұрлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Келтірілген шығын мөлшері 800 мың теңгені құрайды

фото: polisia.kz

Теміртауда тұрғын 200 радиатор секциясын ұрлап кетті. 14 мамырда 30 жастағы қала тұрғыны Теміртау қаласы ПБ Шығыс полиция бөліміне хабарласып, қоғамдық моншадан белгісіз біреу алюминийден жасалған 200 радиатор бөлімдерін ұрлап кеткен деп түсіндірді. Келтірілген шығын мөлшері 800 мың теңгені құрайды. Полиция ұрланған заттар моншаның жертөлесінде болғанын анықтады. Оның көлемін және ауыр салмағын ескере отырып, тәртіп сақшылары бірнеше ұры әрекет етті деп болжады. 

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

17 мамырда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді – 33 және 34 жастағы екі ер адам ұстады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.